12 қаңтарда брифингте Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады. Парламенттің төменгі палатасына депутаттыққа бойы әбден үйреніскен ескі құрам Nur Otan, «Ақ жол» және Қазақстанның халық партиясы өткен.
Ресми түпкілікті қорытынды:
- Nur Otan – 71,09 % (76 мандат)
- «Ақ жол» — 10,95 % (12 мандат)
- Қазақстанның халық партиясы — 9,1 % (10 мандат)
- «Ауыл» партиясы — 5,29 %;
- ADAL — 3,57 %.
Қазақстанда парламенттен орын иелену үшін партиялар сайлауда кемінде межелі 7 % дауыс алуы қажет.
«Сайлау науқаны аяқталған соң, ОСК аумақтық сайлау комиссиясының хаттамаларына сүйене отырып, жалпы адам саны 11 миллион 919 мың 241 сайлаушының 63,25%-ы, яғни 7 миллион 539 мың 280-і сайлау министрлігіне қатысты. 297 мың 718 адамның бюллетеньі жарамсыз болған», – деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров сейсенбідегі брифингте.
Өткен жексенбіде өткен мәжіліс және мәслихаттар сайлауына ЕҚЫҰ мен батыс бақылаушылары «шынайы бәсекесіз әрі демократия талаптарына қайшы» деген баға берген. Бұл күні «Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» (президент Тоқаевтың саяси тұжырымдамасы – QT) тәуелсіз байқаушылардан бөлек Конституция кепілдік беретін БАҚ өкілдеріне сайлау учаскесіне кіргізбеу, негізсіз шығарып жіберу фактілері орын алды. Дауыс жәшігіне бюллетеньі топтап салу жағдайы сияқты әртүрлі құқықбұзушылықтар орын алды. Сайлау қарсаңында ондаған бақылаушы мен қоғамдық ұйымдарға бірқатар қысым мен кедергі жасалды. Алайда Бас прокуратура мұндай заңсыздықтарға «болмашы кемшіліктер» деп қарайды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы