 
                                    The Guardian басылымының хабарлауынша, Еуроодақ пен Ұлыбритания 4 жылдан кейін ортақ мәмілеге қол жеткізді. Енді 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Британия толық саяси және экономикалық тәуелсіз болады.
Тараптардың көптен бері бір келісімге келе алмауының басты себебі – Ұлыбританияның бір бөлшегі саналатын Солтүстік Ирландияның кедендік мәртебесі болатын. Ұзақ келіссөздерден кейін бұл мемлекет еуропалық кедендік одақтың құрамында қалатын болды.
Осыған байланысты мәлімдеме жасаған премьер-министрі Борис Джонсон: «Біз ендігәрі бар күш-жігерімізді ковидпен күреске жұмсауымыз керек. Басқа мәселелерге алаңдамай, келер жылы еліміздің қайтадан қалпына келуіне мүмкіндік беруіміз қажет. Жылына 660 млрд стерлинг фунтын құрайтын бұрын-соңды болмаған ең ірі сауда келісіміне қол жеткізгенімізді айтқым келеді», – дейді.
Жаңа келісім Рождество мерекесі қарсаңында және Brexit-тің өтпелі кезеңінің аяқталуына бір апта қалғанда жасалып отыр. Ол 2000 беттен тұрады және азаматтық ядролық ынтымақтастық пен энергетикалық өзара байланыстан бастап, балық шаруашылығы мен авиация мәселелеріне дейін қамтиды.
2019 жылы Ұлыбритания мен ЕО сауда көлемі шамамен $900 млрд. болған. Негізінен Брюссель мен Лондон арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар туралы келіссөздер 15-16 қазанда ЕО саммитінде бекітілуі керек еді. Алайда, Брюссель мен Лондон кезекті мәрте ортақ келісімге келе алмады. Еуропалық Кеңестің басшысы Чарльз Мишельдің айтуынша, саммитте Ұлыбританиямен серіктестік туралы келісімге нүкте қойылуы тиіс. Сонымен қатар, ол қоғамдастықтың кейбір елдері «келісімсіз» сценарийге дайын болуы керектігін ескертті.
Ұлыбритания 2020 жылы 1 ақпанға қараған түні Еуропалық одақ құрамынан шықты. Брюссель мен Лондон осы жылдың соңына дейінгі өтпелі кезең туралы уағдаласқан. Оның барысында Біріккен Корольдікке бірыңғай еуропалық нарық қағидалары бойынша сауданы жүзеге асыруды қоса алғанда, барлық еуропалық нормалар қолданылады. Британ үкіметі ЕО-мен болашақ байланыстардың форматы туралы уағдаласып, еркін сауда туралы келісім жасасуы тиіс.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді