Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері
Қазақстандағы коронавирустық ахуалды назарға алып, ескерту жасады.
Елде карантин талаптары 17 шілдеден жеңілдетіліп, тұрғындар біртіндеп қалыпты өмір сүруге көше бастайды. Дегенмен халықаралық ұйымның COVID-19 бойынша техникалық сарапшысы Виталий Стецик құзырлы органдар бекіткен санитарлық талаптарды орындап, маска тағып, санитайзер қолданып жүру керектігін ескертті. Себебі Қазақстанда күніне 300-ден астам кейс тіркеліп, дәрі-дәрмек тапшылығы негізгі мәселеге айналған.
Сарапшы Виталий Стецик: «Барлық елде карантиндік шаралар жеңілдетіліп жатқанымен осыған дейін нәтижелі болып келген талаптарды орындамау дұрыс емес. Тиімді вакцинаның шыққанын күтіп отырмыз. Соған қарамастан инфекциядан қорғануды ұмытпау керек», – дейді.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған мәліметтерге сүйенсек, 16 тамызда елде 337 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Вирус жұқтырған 165 адамда ауру белгілері болған, 172 адамда коронавирус симптомы байқалмаған. Сонымен қатар осы уақытқа дейін вирус дерегі тіркелгендер саны 103 033-ке жеткен. Эпидемия басталғалы бері 82 777 адам аурудан айыққан.
Әйткенмен, Қазақстан үкіметі ұсынған деректер мен ДДСҰ растаған ресми мәліметтер арасында үлкен айырмашылық байқалады. Халықаралық ұйым Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 119 781 адамға жеткенін ресми түрде растап отыр. Себебі ұйым белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққандарды Covid статистикасына қосып есептеген. Бірақ бұл санатқа тек 1 тамыздан бері тіркелгендер ғана енгізілді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?