Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны тағы да артты. Бұл жайында Қазақстанда Covid-19 вирусын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Ресми ақпарат бойынша ел аумағында соңғы тәулікте инфекциядан көз жұмғандар саны 127 адамға жетті. Оның 7-і Астана поликлиникаларында, 1-і Қостанай облысында қайтыс болған.
Елордада 1967, 1956, 1962 және 1975 жылғы төрт ер адам, 1967 және 1951 жылғы екі әйел адам инфекция себебінен жан тапсырған. Ал, Қостанай облысында 1949 жылы дүниеге келген ер адам көз жұмды делінеді ресми мәліметте.
Билік өкілдері бұл азаматтардың өліміне тікелей коронавирус себепші болды деп отыр. Бұған дейін қайтыс болғандар саны мен инфекциядан көз жұмғандарға арналған зираттағы қорым санына қатысты дау тыуындаған еді. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желідегі белсенділер ресми органдардан бұл сәйкессіздікті түсіндіріп беруді сұраған. Бұған қатысты билік өкілдері «Пандемия кезінде қайтыс болғандардың барлығы бірдей инфекциядан көз жұмды дей алмаймыз. Олардың өліміне себепші болған өзге аурулар.Сондықтан, ресми ақпаратта оларды көрсетпейміз» деп жауап берген еді.