Коронавирус инфекциясының бірнеше дерегі тіркелуіне байланысты індеттің таралуына жол бермеу мақсатында Кербұлақ ауданының Сарыөзек кенті карантинге жабылады. Бұл туралы ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Ешкеновтың қаулысы қабылданды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс аумағында бүгінге дейін COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 37 адамға жеткен.
Аталған қаулыда карантин кезіндегі шектеулер, санитарлық-дезинфекциялық шаралар туралы егжей-тегжейлі атап көрсетілген. Қаулы талаптарына сәйкес Сарыөзек тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынады. Бір отбасыдан тек бір адамға ғана күніне бір рет азық-түлікке, дәріханаға, бірінші кезектегі қажеттіліктер алуға шығуына рұқсат етіледі. Карантин режимін бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады.
Атап өтсек, Сарыөзектегі карантин 17 сәуірден 18-іне қараған түнгі сағат 00.00-ден 1 мамырға дейін созылады деп белгіленген.
Естеріңізге салсақ бұған дейін жұртшылық 11 сәуір күні сағат 21:00-да Біріккен Араб Әмірліктерінде карантинде болған 135 жолаушының Талдықорған әуежайына келіп қонғандығына наразылықтарын білдіріп, еліміз бойынша коронавирустың таралуы біршама аз аймаққа қатер төнуі мүмкін деп қауіптенген болатын.
Айгерім Батырханова


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Судья Қаңтаршы–Бисаевқа мемлекеттік адвокаттың кеңесімен тағылған 272/2 бөлігімен үкім шығара ма?
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсті
Жәбірленушілер үтік басып азаптаған Айдын Кенжебаевқа кешірім берді
Қаңтарда ту көтерген Берік Әбішев аурухананың жан сақтау бөліміне түсті