Өткен бейсенбі, 1 сәуір күні Алясканың Америкаға сатып берілгеніне 150 жыл толы. Бұл тарихи оқиға 1867 жылы болған еді. Бүгін ресейлік ұлтшылдар мен оңшылдар бұл күнді патшалық Ресейдің тарихи қателігі ретінде еске алып келеді. Аталған тақырып туралы әлемдік танымал «The New York Times» басылымында «Алясканы Америкаға сатып бергенінен 150 жыл толды, ресейліктер өкіне ме?» атты көлемді  мақала жарияланған болатын:

The New York Times/EVAN GERSHKOVICH/31.03.2017

Путин Ресей президенттік билігіне келгелі бері бар жігер-қайратын Ресейдің ертедегі атақ-абройы мен күш-қуатын қалпына келтіруге жұмсады. Әсіресе елдің әскери қуаты мен желілік шабуылдау техникасын арттыруы Америкамен арадағы «Қырғи-қабақ соғысы» жылдарынан бергі ең жоғары шекке жетті деуге болады.

Алдағы бейсенбі күні Алясканы АҚШ-қа сатып бергеніне 150 жыл толады. Бұл күн ешбір америкалыққа әсер етпеуі мүмкін, алайда, бұл күн ресейлік әсіре оңшыл, ұлтшыл өкілдердің назарынан тыс қалмайды. Тіпті олар үшін қайғылы күн болып саналуы да бек мүмкін. Олардың ойынша, бұл – сол кездегі патшалық Ресейдің жасаған ең үлкен қателігі. Ал осы қателік барлық күшті мемлекеттердің Солтүстік үйектің табиғи байлығы мен билігіне таласудай бүгінгі жағдайға да жалғасып келеді деп қарайды.

Жақында Қырымның премьер министрі Сергей Аксенов Қырымдағы интернет телеарнасына берген сұхбатында: « Егерде Аляска бүгінгі күнге дейін Ресейдің қолында тұрған болса, онда әлемнің саяси бағыты бүгінгіден мүлде басқа арнада болар ма еді, қайтер еді?» – деген болатын. Сонымен бір уақытта, «Military-Industrial Courier» атты басылымда «Біз айырылып қалған Аляска» атты ұзын сонар мақала жарияланды. Екіге бөліп басылған аталмыш мақалада Алясканың әлі де Ресейдің қолында тұрғанда не жағдайдың болатыны туралы еш бүкпесіз болжал жасалған.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та жақында ресейлік бір басылымына сұхбат беріп, бұл тақырып туралы сұрақтарға жасау қайтарған. Ол: «Әрине, бұл атаулы күн әр кімді, әр түрлі ойға қалдыратыны анық. Бірақ, бұл біз үшін бір жақсы орай. Бұл атаулы күн біз ресейліктерді Солтүстік Америка құрлығына қайта назар аударып, зерттеуге шабыттандырады», – деді.

Кезінде, ресейлік арналардың біріндегі танымал телебағдарламада РФ президенті Путинге осы туралы сұрақ қойылғанда,  ол : «Әрине, бұл іске біз бар зейінімізді жұмсауымыз керек», – деген болатын. Бірақ, бейсенбі күні Ресейдің Архангельскінде өткен Халықаралық Арктика форумына қатысқанда Американың Аляскадағы қимылдары әлемдік тұрақтылық ережелерін бүлдіретіндігін, Ресейдің Аляскадағы әр қимылы тек Аляскаға ғана әсер ететіндігін айтты.  Сонымен бірге АҚШ-тың Аляскадағы орнатқан баллистикалық зымырандары шұғыл түрде шешім табуға тиіс қауіпсіздік мәселесіне жататындығын да атап өткен.

Әрине, Ресейге 2013 жылы Қырымды өзіне қосып алғаны секілді, Алясканы тартып алуды насихаттамайды. Алайда, америкалықтар мен ресейліктердің бұл айырбас туралы көзқарастары бірдей емес. Тіпті Алясканың жергілікті тұрғындарының да бұл іске деген танымдары да бұларға мүлде кереғар. Сондықтан да бүгінгі Аляска ұқсамаған мәдениет пен діндердің түйіліскен жері ретінде тіпті де ерекшеленіп тұр.

Тарихқа көз жіберер болсақ, 1784 жылдан бастап патшалық Ресей Аляскаға ірге тебе бастаған. Бастапта теңіз жағалауларын негіз етіп, жергілікті халықтармен айырбас-сауда базарларын құрып, христиан шіркеулерін сала бастаған. 1860 жылдары Қырым соғысында Ұлыбританиядан жеңілген Ресей тағыда келіспеушіліктен алаңдап, Алясканы егелік етуіне жол беріп, бітім жасасады. Нью-Йорктегі «Staten Island» колледжінің тарихшысы Сьюзан Смит-Питер: «Ол кезде қызып тұрған бизон терісі саудасы бизондардың ауланып таусылуымен тоқтап қалған кез еді. Ал енді алтын байқала қалса америкалықтар келіп 1896 жылдағы Клондайк алтын кеніндегідей бұлап талап әкетуінен алаңдады. Сондай-ақ ресейліктер бұл тиімді әрі,  аса маңызды деп тапты. Бір жағына Ұлыбританияның шамына тиіп, екінші жағынан америкалықтармен қарым-қатынасты жақсартуды ойлады».

Массачусетс штатының «Қасиетті Крест» (College of the Holy Cross) колледжінің тарихшысы Гвен Миллер (Gwenn A. Miller) бұл  туралы: « Америкалықтар сол кезде, егер Алясканы сатып алатын болса Қытайға бір табан жақындауға болады деп қарады. Бұл олардың Қытаймен болған сауда саттығын жақсартумен бірге, батыс теңіз жағалауындағы Ұлыбританияның ықпалы мен көздеген мақсатына тосқауыл қоя алатын еді. Бұл түптеп келгенде, Американың қанатын кеңге жаюына тиімді болатын еді», – деді.

Ресейдің сол кездегі АҚШ-та тұратын бас елшісі Эдуард пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Уильям Хенри Сеуард Алясканы өткеріп беру келісіміне қол қойды және ақы төленді. Алясканы АҚШ 7,2 млн долларға сатып алды. Бұл қазіргі АҚШ долларының құнымен есептегенде 125 млн долларға тура келеді. Сол дәуірдегі көптеген адамдар бұл сауданы екі елге де тигізер пайдасы зор деп қарағанымен, кей сыншылар бұл Сеуардтың үлкен ақымақтығы немесе Алясканы «Сеуардтың алып тоңазытқышы» деп мысқылдады. Әлі күнге дейін бұл сауда туралы көзқарас бірдей емес. Ал мұндай көзқарас Ресейде де жалғасып келеді.

Алдағы бейсенбі күні Уашингтонда бірнеше маңызды шаралары күн тәртіпте тұр. Айталық, АҚШ Ақпарат клубының түскі қонақасысы; Мемлекет істерінің қабылдау жиналысы; сонымен бірге, бар ғұмырын Аляскада өткізген әйгілі композитор Жон Лютер Адамстың шығармашылық кеші де бар. Алясканың өзінде де түрлі форумдар мен жиналыстар бар. Бұл мерекелік шаралар 18 қазанға дейін жалғасын табады. Ең маңыздысы бұл күн «Алияска күні»,  1959 жылы Аляска АҚШ-тың 49-ші штаты болып тіркелгенін еске алу күні. (Бұл шаралардың дабыралы болуы ресейліктердің өкініш жарасын тіпті де тырнай түсетіні анық / The Qazaq Times).

Аляска байырғы тұрғындарын зерттеуші, Dartmouth колледжінің профессоры Сергей Аканның айтуынша ресейліктер сол кезде жергілікті тұрғындардан пайдаланып бизон аулағаны болмаса, олардың өмірін өзгертуді мақсат етпеген. Ал, Америка билігіне өткенен кейін оларды күштеп батыстандырды деген көзқарасын айтты.

“The Qazaq Times”