АҚШ-та қызмет етіп, еңбегі бағаланған жандарға берілетін бұл сыйақы «Өзгеше  ерекшелігімен үлгі болып, маңдай алды шеберлігімен дараланғаны үшін» беріледі.

28 - наурыз күні Нью-Йоркте сүриялық ақын, эссесит Адонисқа (шын аты Али Ахмад Саид Асбар) Америкалық Пен-клубтың Владимир Набаков атындағы арнайы силығы табыс етілді .  Силықты табыс ету рәсімі  дүйсенбі күні Манхэттендегі «Жаңа мектеп» (New School) урниверситетінің ғимараттында өтті.

87 жасты еңсерген  Адонис 20 дан астам кітабымен айырықша маңызы бар «жаңа поэзия» өкілдерінің бірі болып табылады.

50 мың АҚШ доллар көлемін құрайтын Набоков атындағы силық 2008 жылға  дейін біраттас халықаралық маңызы төмен сыйлық ретінде тапсырылып келген. Сондықтан, өткен жылдан бастап сыйлықтың атауы өзгертіліп, жаңа мәнде ұйымдастырылып келеді. Сыйлықтың  жазушы Владимир Набоковтың  атымен аталуы жазушыға деген құрметтен ғана емес, сонымен қатар  «әлемде етек жая бастаған Ксенофияға  (бейтаныс адамдардан қорқушылық) дамылсыз қарсылықтар көрсете алғаны үшін» деген ықыласпен де беріледі деп ПЕН-клуб мүшелері бекіткен. АҚШ-та қызмет етіп,еңбегі бағаланған жандарға берілетін бұл сыйақы жазушыға «Өзгеше  ерекшелігімен үлгі болып, маңдай алды шеберлігімен дараланғаны үшін» беріледі.

Талапкерлердің өткізген жұмыстары  «Набаковтың көпқырлы талантымен қатар түсіп жән жазушы салған ізді жалғап, әдебиеттегі ақиқатты іздеу жолындағы үлкен ләззат сыйлай алуы» керектігін ұйымдастырушылар тілге тиек етті.
Сыйлықты тапсыру салтанаты кезінде Америкалық ПЕН-клубтың басқа да жүлделері тағайындалды. «Үздік кітап» категориясы бойынша 75 мың АҚШ доллары ауқымды шығармаларға белгіленіп, оны Ливиялық жазушы Хишама Матарға автобиографиялық «The Return: Fathers, Sons and the Land in Between» атты очеркіне берілді. Автор бұл трагедиялық еңбегінде  өзінің жапа шеккен отбасы туралы  әңгімелейді. Ливияда дипломат болып жұмыс істеген әкесінің, билікке Муаммара Каддафи келгеннен кейін амалсыз диссидентке айналғанын, кейіннен әкесі із-түзсіз жоғалып кетіп, Ливияның белгізсіз түрмесінде қайтыс болғаны туралы баяндалады.
Ал «Эссе өнері »  категриясы бойынша  ПЕН-клубтың 10 мың долларлық жүлдесі америкалық жазушы Анджело Моралестің «біздің қаланың қыздары» атты автобиографилялық  әңгмесіне табыс етілді. Дебютті әңгмелер жинағы мен повесті үшін 20 мың АҚШ доллары америкалық жазушы Рион Скоттқа « Көтеріліс» еңбегі үшін берілді.  Аталған барлық төрт категория бойынша берілген жүлделердің негізгілері болып табылып, арадағы аз-кем поэзиялық жүлделер өзге тілдерге аударылатыны туралы  хабарланды.

Шараның аяқталар сәтінде қорытынды сөз сөйлеген Америкалық ПЕН-клубтың атқарушы директоры Сюзанна Носсель, жиналған қауымға Бүгінгі саяси кезеңде сөз құдіреті жаңа мәнге ие болғанын және сөзбен зиян келтірушілер болса, керісінше  сөзбен адамдарға рухани шипа беріп, сөз өнерімен әлемді шындықпен сәулелендіруге тырысатынын тілге тиек етті.  Америкалық ПЕН-клуб орталығы бүгінде  жүздеген ұлттық  профессиональ жазушылардың ауқымды бірлестігі болып, халықаралық маңызы бар ПЕН-клуб ұйымдарының қатарына кіреді.

Түргенбұлақ

“The Qazaq Times”