28 наурыз күні, Индонезияның Жакарта маңында түсірілген үрейлі фильмдердегі көріске ұқсас бір видео таратылысымен, You Тube көрермендерін дүр сілкіндірді. Видеода ауыл тұрғындары із-тозсыз жоғалып кеткен ер адамды, абжыланның (питон) ішінен тауып алады. Олардың айтысына қарағанда абжылан бұл ер адамды содан бір күн ғана жұтып қойған. Тіпті аяқтарынан бастап қорытыла бастағаны да анық байқалады.
Адамдар мен жануарлардың мұндай ұшырасып қалу Индонезияда көп болып тұрады. Бұл жер тропикалық белдеудегі топаралға (архипелаг) жатады. Әрі Азиядағы тропикалық орманның ең ауқымды бөлегін алып жатыр. Экологтарды адамдардың жануарларға жем болуының бұл өңірде барған сайын көбейіп келе жатқаны алаңдатып отыр. Экологтар тропикалық ормандардың көптеп кесіліп, экожүйенің бұзылуынан деген себебін алға тартты. Қимыл көлемі тарайып, азықтары азайған жыртқыш жануарлар орман маңындағы тұрғындарға зиян салуда. «Адамдар жабайы жануарлардың мекенін ойрандау арқылы, адамдар мен жануарлар арасындағы қақтығыстардың көптеп туылуына мұрындық болуда», – деді Ачех орман, табиғат, экология қорғау ұйымының төрағасы Фаруиза Фархан.
Акбар есімді индонезиялық азамат орман шаруашылығы алаңында жұмыс істейді. Соған ұқсас орман шаруашылық алаңдарында жұмыс жасаушылар мұндай қатерлерге көбірек ұшырасып тұрады. Суматра аралының «Орманды аялау» экологиялық ұйымы 2013 жылы бір қатар статистикалық мәліметтер таратты. Мәліметте көрсетілуінше, соңғы 12 жылдағы Рияу ауданында жолбарыстың адамдарға шабуылдауы оқиғаларының 60 пайызы осындай орман шаруашылығы алаңдарына туылыпты. Салдарынан 27 адам қаза болған. Мұнай тосын ұшырасу барысында 8 жолбарыс өлтірілген. Сондай-ақ, соңғы жылдары жабайы пілдер де адамдарға жиі шабуылдап, орманшылардың бір қаншасын өлтірген.
Соғы кездері абжыландардың адамдарды жұтып қоюы, пальма майын өндіру үшін ормандардың кең көлемді кесілуінен келіп шығуда. Әлемдік орман қорғау және экология қорғау ұйымдары аталған елден тропикалық ормандарды отауды тежеу шараларын қолдануын сұрауда.
“The Qazaq Times”












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?