 
                                    Украина президенті Володимир Зеленский G20 саммитіне шақыру алғанын мәлімдеді. Елеулі халықаралық саммитке оны Индонезия президенті Жоко Видодо шақырған.
Әлемнің алдынғы 20 экономикасына ие елдердің саммиті биіл Индонезияда өтеді. Зеленский өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында президент Видодомен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді, әрі аталмыш саммитке қатысуға шақыру алғанын айтты.
"Твиттер" парақшасындағы мәлімдемесінде Зеленский: "Ең әуелі мен оған [президент Видодоға. QT] БҰҰ-дағы ашық ұстанымы үшін және Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін рахмет айттым. Мені G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғысымды білдіремін ", – деген.
Мәлімдемеде Украина мен Индонезия президенттері телефондағы әңгімесінде азық-түлік қауіпсіздігін талқылаған.
Айта кетейік, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін әлемдегі бірқатар елдер азық-түлік мәселесінде қиыншылықтарға тап болды. Әсіресе, дәнді дақылдар бойынша Ресей мен Украинаның экспортына тәуелді елдер соғыстың ұзаққа созылуы өз еліндегі азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіре ме деп алаңдайды. Оның арасында Оңтүстік-Шығыс Азия елдері де бар.












 
                                                        





 Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                     Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                     Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                     Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                     Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                     Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау