Қазақстанда екі жылда 66 миллиард теңге жымқырылған. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бас прокуратура алқасының отырысында мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаржы жымқырылған қылмыстық істерді тергеудің заңға сәйкестігі, тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланған. Жиында айтылған ресми мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылдан бері құқық қорғау органдары тергеген 6 мың (5940) қылмыстық істің фигуранттары 66 млрд теңгені қолды қылған. Сол қылмыстық істердің қазірге дейін 2 685-і сотқа жіберілген. Прокурорлардың айтуынша, Үкімет Денсаулық сақтау министрлігінде жүргізілген тексеріс кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ұсынысты қараған. Прокуратураның актілері бойынша 48 лауазымды тұлға жауапқа тартылып, үшеуі қызметінен кеткен.
Сонымен қатар, жиында сөз сөйлеген денсаулық министрі Елжан Біртанов ахуалды жақсарту үшін қолданылатын шаралардың жол картасына тоқталды. Осы ретте министрлікке шетелдердің денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру тәжірибесін үйрену ұсынылып, дәрі-дәрмек бағасын белгілеуді ашық ету, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттігі айтылды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр