Петропавлда Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтың ұлы жазушысы, еңбек ері, осы оңірдің тумасы Ғабит Мүсіреповтің 115 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтті.
Бұл байқауға Республиканың 9 облысынан суырып-салма ақындары қатысты.
Сайыстың бас жүлдесі – гран-при мен 600 мың теңгені түрлі халықаралық ақындар сайысының жүлдегері Павлодар облысынан келген Аспанбек Шұғатаев жеңіп алды.
1 орын мен 400 мың теңгені қарағандылық суырып-салма ақыны Мақсат Ақанов иеленді.
2 орын екі жүлде: «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры тағайындаған «Тұрсынбек Кәкішев» атындағы 300 мың теңге сыйлықты Қызылордадан келген Мөлдір Айтбай иеленсе, тағы бір 300 мың теңгелік жүлдені Солтүстік Қазақстандық Мұхамед Қоңқаев алды.
Жүлделі 3 орын алған Шығыс Қазақстан облысынан келген Нұржан Өмірбаевқа Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінен Ерік Асқаровтың атынан арнайы сыйлық пен 200 мың теңгены иемденсе енді бір 200 мың теңгені Қарағанды облысының өкілі – Дидар Қамиев иемденді.
“The Qazaq Times”