Астана таңымен таласа басталған «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын-ала қорытындылары туралы» үкімет сағатын кірпік қақпай қарап бақыладық. Әдетте самарқау әм бейтарап отыратын депутаттар бұ жолы партия басшысы Назарбаевтың қамшылауынан ба, әлде апта басындағы тыңайған энергетикадан ба екен, әйтеуір белсенді көрінді. Сұрақ астында қалған еліміздің бас ұстазы Асхат Аймағамбетов пен отырысқа қатысушалар қазақстандық білім беру саласына қатысты біршама нақты ақпараттармен бөлісті.
- Елімізде 160-тан астам апаттық жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын мектептер бар.
- Ауылдық мектеп оқушыларының көрсеткіші қала оқушыларынан 20 баллға төмен. Сынып жоғарылаған сайын айырмашылық та арта түскен. Ауылдағы білім ошақтарын 41%-ын шағын жинақталған мектептер құрайды.
- Үкімет сағатында Асхат Аймағамбетов қазақстандық білім халықаралық рейтинг IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде «Білім» субфакторы бойынша әлемнің 64 елінің арасында Қазақстан 26-шы орында екенін айтты. Сонымен қатар, 2019 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ДЭФ ЖБИ) «Дағдылар» факторы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 57-орынға ие болды.
- 2018 жылғы TALIS халықаралық зерттеуі бойынша, қазақстандық мұғалімдердің орташа жасы – 41 жас, бұл ЭЫДҰ елдерінің көптеген мұғалімдерінен 3 жылға жас екен-мыс.
- Қазіргі таңда 27 ЖОО коммерциялық емес АҚ-ға ауысуып жатыр.
- 486 колледж 30 мыңнан астам студенті дуальді-практикалық* білім беру бойынша 4000-нан астам кәсіпкерлік мекемелерде білім алуда. Білім министрінің сөзінше «Бизнес дуальді оқытуға мойын бұрмай отыр». Сондықтан ведомство жан басына қаржыландыру әдістемесін даярлады.
- 4 және 9 сыныптарда білім деңгейі төмен, 11 сыныпта жоғары болуы – ойландырарлық мәселе.
- Колледждердің 5%-ы ғана арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
- Функционалды сауаттылыққа басымдық беретін жаңартылған мазмұнға көшкен кезде жаттанды ақпаратты ғана бағалауға арналған ВОУД сырттай бағалау механизмін қайта қарап, тиісті үлкен өзгерістер енгізу керек. Министрлік жаттанды білімді зерделеуге арналған бүгінгі үлгіден бас тартып, профилактикалық бағалауға ауыстырып жатыр деседі. Тестілеу мәселесін енгізе отырып, сұрақ мазмұнын күрт өзгертеміз. Жаттанды сауалдан гөрі мәнді тапсырмаларды қамту үшін.
- Қазақстанда 3-6 жастағы балалардың 95,2%-ы мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылған. Әйтсе де, 500 мыңнан астам бала өз кезегін күтіп отыр. Оның 437 мыңы 1-3 жас аралығындағы балалар.
- Елімізде 10 673 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасап тұр. Оның ішінде балабақшалар – 6 470, шағын орталықтар – 4 203. Контингент 775 164 адамды құрайды (2015 ж. – 758 772 адам). Елдегі мектепке дейінгі ұйымдардың 38,2% (4082) жеке меншік болып отыр.
*Дуалды білім беру – кәсіпкерлік салаға бейім кәсіби мамандар даярлау үшін оқу қабырғасында практикамен селбесе оқыту.