Білім және ғылым министрлігі бір жылда оқу сапасының талабына келмейтін 36 университетке педагогика мамандарын даярлауға тыйым салды. Бұл туралы бүгін, бейсенбі күні республика көлемінде өткен мұғалімдердің дәстүрлі Тамыз кеңесінде министр Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Осыдан бір жыл бұрын елімізде педагогтарды дайындайтын 86 ЖОО бар еді. Біз әдеттегідей олардың қатары 186 болсын, ең бастысы, сапалы білім берілу керек екенін айтып келеміз. Өкінішке қарай, педагогтарды даярлайтын жоғары оқу орындардың сапасы заң талаптарына сай келмейді, сондықтан осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық», – деді Аймағамбетов.
Министр Қазақстанда әзірге педагог мамандарды даярлайтын 50 университеттің барын айтты.
Осыған дейін Қазақстанда бірнеше ЖОО-ның лицензиясы тартып алынған, кейбірінің бейін салалар бойынша оқыту мүмкіндігі ішінара қағылған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті