Түрік сыртқы істер министрі Еуропаны қараңғы түн күтіп тұр деп қорқытты.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу Нидерландиядағы сайлау дайындықтары бойынша пікір білдіре келіп, Еуропаны таяуда жаңа «қақтығыс» күтіп тұрғанын айтып қорқытты. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты хабарлап отыр.

Түркия сыртқы істер министрі сайлаушылармен кездесу барысында: « Олар жүздеген жылдар бойы соғысып келді, олар түрлі сенімді ұстанғандықтан бір-бірін қырғындап келді. Олар бұдан сабақ алып Еуропалық Одақ дейтін ұйым құрды. Алайда, қазір оны да  талқандағалы отыр. Демек, Еуропаны қараңғы түн ғана күтіп тұр», – деген пікірін айтты.

Түркия Нидерландиямен дипломатиялық байланыстарын тоқтатты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропа сотының хиджаб туралы шешімін сынға алды. Осыдан бұрын Еуропа соты жұмыс беруші компаниялар жағдайға қарап, хиджаб киетін қызметкерлерге тиым сала алады деп шешім қабылдаған. Түркия президенті бұл туралы: « Нағыз ұят! Сіздердің еуропалық принциптеріңізге бағалау және әділеттілікті жақтау керегі жоқтай. Сіздер крест пен жарты айды (христиан мен ислам) алғаш қақтығыстырғансыздар», – деді.

Бұл сөз түрік басшысының Конституция референдумын қолдаушыларды өзіне тарту үшін айтқаны деуге болады. Ол Еуропадағы қоғамдық түзімдердің әсеріне көп ұшырап жүрген мұсылмандарды өзіне тарту арқылы, алдағы референдумда өзі ойлаған нәтижені қолға келтіргелі отыр. Ердоған билігі референдум арқылы Түркия билігін парламенттік биліктен, президенттік билікке ауыстырғалы отыр. Бұған Еуропадағы қарсы науқанда негізгі үш мәселе бар.

Бірінші. Еуропалық жетекшілердің Түркияға қарата адамдық құқық, демократия және заңдылықтар турасындағы сын-пікірлері мен талаптарына жол беруін талап етеді. Бұл басқаша айтқанда Еуропадағы демократияның солғындап бара жатқанын түсіндіреді. Бұның анық дәлелі ретінде өзіндік исламофобиясы мен әсіре оңшыл партиялардың қалыптасып, дамып жатқандығын айтуға болады. Оны түрік сыртқы істер министрінің сөзінен де анық аңғаруға болады. Ал Еуропа өкілдері Түркияны сынға алғанымен өздерінің құндылықтарын жақтауда, антимиграциялық, антиисламшылдық қоғамдық пікірлерін жасыра алмайды.

Екінші. Ердоған мен Чавушоглудың «Олар бізге қарсы» деп ұран салуы, өз қатарластарының санын көбейтуге қам қылып жатқандағысы.

Үшінші. Түрік сайлаушыларына «Түркия қуатты мемлекет, Еуропамен егерлесе алады» дегенді ұғындырғысы келеді.

Бұдан бұрын да, мұндай әрекеттер Ердоғанның жақтастарын көбейтуге көмектескен болатын. Сондықтан да 16 сәуірде өтетін референдумға дейін, Батыс елдеріне қарсы түрік саясаткерлерінің  мәлімдемелері мен қитұрқы сөздері толастай қоймайды. Түркиядағы референдум өтіп, өз дегендеріне жетер болса, түрік билігі Еуропамен қатынастарды қайта реттеп алары даусыз. Себебі, Еуропа Түркия экономикасындағы ең негізгі әріптесі. Түркия үшін Еуропа базарынан бас тарту өзін тоқырауға итергенмен бірдей.

“The Qazaq Times”