Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған америкалық бірқатар тауарларға қатаң салық енгізу туралы жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Осындай құжат «Resmi Gazete» ресми басылымының сайтында жарияланды.
Жаңа салықтар жеңіл автокөліктерге, ішімдік және темекі өнімдеріне салынған. Салық көлемі автөкөліктерге 120%-ды, алькогольді өнімдеріне 140%-ды, ал темекі өнімдеріне — 60%-ды құраған. Бұдан бұрын, президент Ердоған АҚШ-та шығарылатын электроника өнімдеріне байкот жариялағаны туралы мәлімдеген еді.
Бәрімізге белгілі, түрік лирасы жұма, 10 тамыз күні 2001 жылдан бергі ең үлкен көрсеткіш 18%-ға дейін құнсызданған еді. Оған Ақ үй басшысы Дональд Трамптың түрік алюминийі мен болатына салынған тарифтердің екі еселегені себеп болған еді. Бұдан бұрын да сайтымызда жазғанымыздай, президент Ердоған түрік халқын жаппай доллар, еуро және алтыннан құтылуға шақырды. Бұл шиеленіс 1 тамыз күні АҚШ-тың америкалық пастор Эндрю Брансонның қамауға алынғанына байланысты Түркияның ішкі істер министрі мен Әділет министіріне санкциялар енгізгеннен кейін тіпті ушыққан еді. Енді, Түркия тарапы да өз кезегінде америкалық Ішкі істер министрі мен Әділет министрінің ел территориясындағы активтерін бұғаттап тастады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі