Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедқали Абылгазиев пен Тәжікстан үкімет басшысы Кохир Расулзоданың кездесулері аяқталды. Бұл туралы қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы «Кызыл-Бел» өткізу бекетіндегі кездесуде екі елдің үкімет басшылары соңғы болған оқиғаға байланысты өкініштерін білдірген. Кездесу барысында шекараға жақын аудандарда қордаланған проблемаларды шешуге уағдаласқан.

Сонымен бірге екі елдің премьер-министрі шекара бойынша осыған дейінгі қабылданған келісімдерді орындауды және жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге келіскен.

Соңғы болған оқиға бойынша нақты қандай шешім қабылданғаны жөнінде әзірге айтылмады.

​16 қыркүйекте Максат ауылының маңындағы шекара бекетінде атыс болды. Қырғыз денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 адам жараланып, бір шекарашы мерт болды. Тәжікстан тарапынан 12 адам жараланған.

"The Qazaq Times"