Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейту туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, тараптар терроризммен күрес саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) баспасөз орталығы таратқан мәлімдемеде айтылған.
«Кездесудің негізгі тақырыбы екі республиканың шекаралас аймақтарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болды. Сондай-ақ, терроризм мен экстремизмге қарсы күресте ведомствоаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысы нәтижелі жүріп жатыр», — делінген хабарламада.
Баспасөз орталығының хабарлауынша, Исфара қаласында өткен кездесуде қатысушылар «екі елдің шекарасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, діни экстремистік және халықаралық террористік ұйымдардың диверсиялық қызметіне бірлесіп қарсы тұру үшін ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі туралы» келісімге келген.
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының ұзындығы шамамен 970 км. Оның тек 519 шақырымы ғана бекітілген. КСРО ыдырағаннан кейін, жергілікті тұрғындар мен екі республиканың әскери қызметкерлері арасындағықақтығыстар жиі орын алған. Шамамен үш жыл бұрын Бішкек пен Душанбе ортақ шекара учаскесінің демаркациясы мен делимитациясын жандандыруға келіскен болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді