"Қырғызстан Тәжікстанға Ворух анклавына дәліз ұсынбайды",- деп мәлімдеді қырғыз үкімет басшысының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Жеңиш Разаков.
Оның сөзінше, Тәжікстан Ворух анклавына дәліз алуға тырысып жатыр. "Бірақ біз ұсына алмаймыз, себебі онда Ақсай қырғыз ауылы бар", - деді Разаков. Ол егер Ворухқа дәліз ашатын болсақ, онда Қырғызстан үшін жаңа эксклав ашуына тура келеді дейді.
Вице-премьер-министр шекарада осы мәселелерге байланысты жанжал жиі туындайтынын мойындады.
Ворух - Қырғызстанның Баткен облысындағы анклавпен жалғасатын Тәжікстанның Исфар ауданындағы 40 мың тұрғыны бар ауыл. Ворух мәртебесі туралы шешім Совет кезінде қабылданған. Онда бәрі СССР аумағына жатады делінген.
Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара қашықтығы 976 шақырым. Оның 500-і өзара келісілген. 400 шақырым жерді құрайтын Ворухтағы Ақсай учаскесі әлі дау туғызып келеді.
"The Qazaq Times"


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?