АҚШ президенті Дональд Трамп жыл соңына дейін Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен төртінші кездесуін өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді. Екі ел басшысы былтыр маусым айынан бері 3 рет кездескен болатын. Соған қарамастан Уашингтон мен Пиоңяң (Пхеньян) арасындағы бейбітшілік келіссөз нәтижесіз болды. Корей түбегіндегі жағдайды бақылап отырған сарапшылар келіссөздердің тым ұзаққа созылып жатқанынан алаңдайды.
«Біз де, олар да кездесуді қалайды. Менше бұл әбден мүмкін», – деді Трамп мәлімдемесінде.
Оңтүстік Корея ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, Солтүстік Корея осы айдың соңына дейін жұмыс деңгейіндегі келіссөздер жүргізу туралы ұсыныс жасаған. Бұл келіссөздердің қайта жандануына деген үмітті арттырады дейді оңтүстік кореялық БАҚ.
Ал, Ақ үйдің бұрынғы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Деннис Уайлдер АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы келіссөздің қайта қозғалуы Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Болтонның қызметтен кетуімен қатысты деген пікірін айтады. «Менің ойымша, солтүстік кореялық режим Болтонның Ақ үйден кеткеніне қуанды. Болтон президенттің Солтүстік Корея саясатына келіспеген сияқты», – дейді Уайлдер.
Болтон Солтүстік Кореяны ядролық қарусыздандыруда «Ливия үлгісін» қолдануды қуаттап келген. Ливияның бұрынғы лидері Каддафи ядролық қаруынан бас тартты. Алайда, АҚШ қолдауындағы көтерілісшілер оны «ит тепкіге салып» өлтірді. Бұл АҚШ-тың халықаралық аренадағы нашар ықпалын күшейтті. Трамп Болтонның бұл ойына келіспеген. «Сіздің жобаңыздың нәтижесін білу үшін Каддафи ісінің соңына қарау жеткілікті. Бұл жақсы тұжырым емес, бұл тұжырым бізді тек қана артқа қарай жылжытады», – деген Трамп өзінің кеңесшісіне.
Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі бұл туралы пікірінде: «Каддафидің соңғы тағдыры – бұл лидерлер тарихындағы ең жаманы. Ол азапталды және өлтірілді. Егер де біз, Солтүстік Корея мәселесін Каддафи жолымен шешетін болсақ, бұл Солтүстік Кореяның өзін де жиіркендіреді», – деген Уайлдер
Алайда, Болтонның Ақ үйден кетуі мен АҚШ-КХДР келіссөзінің жандана қоюы екіталай. Себебі, Солтүстік Корея осы аптада мамыр айынан бергі 10-шы зымыран сынағын өткізді және АҚШ-қа қарата қысымды арттырып келеді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Пиоңяның бұл әрекетіне берген жауабында: «Зымыран сынағы көмектеспейді. Керісінше, Солтүстік Корея келіссөз үстеліне оралуы керек», – делінген.
Дегенмен, АҚШ пен Солтүстік Коеря басшыларының кездесуі формаға айналып бара жатыр. Осыған байланысты әлем ақпарат кеңістігінде: «Трамп пен Ким кездесіп қол алысып қана қоймай, келіссөздің нәтижесіне ие болу үшін анағұрлым мазмұнды келіссөздер түзуге көмектесетін ядролық шарапшылар керек», – деген пікірлер көбейген.