БҰҰ Гуманитарлық мәселелер жөніндегі бас хатшысы Стивен О'Брайеннің 10 наурызда жасаған ескертуін осыдан бұрын да сайтымызда жариялаған едік. Қазіргі таңда әлемнің екінші дүние соғысынан бергі ең нашар гуманитарлық жағдайға тап болып отырғанын белгілі болды. Қытай Шинхуа ақпараттық агенттігінің сайтында бұл туралы бір қатар нақты мәліметтер жарияланды. Йемен, Судан, Сомали және Нигерия қатарлы төрт елдің өзінде 20 миллионнан астам адамның ашаршылық пен жоқшылықтан өмір сүрудің аса қиын жағдайында қалды.
Стивен О'Брайеннің (Stephen O'Brien) сөзіне қарағанда, қазір әлем Бірлескен Ұлттар Ұйымы Құрылғаннан бергі (1945) ең нашар гуманитарлық жағдайға тап болып отыр екен. Жоғарыда аталған төрт елдің ішінде Йеменнің жағдайы ең ауыр – соғыс қақтығыстары елдегі халық санының үштен екі бөлегін, яғни, 18,8 млн адамды шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж еткен. Соның ішінде 7 млн адам ашаршылық көруде. Бұл көрсеткіш осы жылдың қаңтар айында 3 млн адамды көрсеткен болатын. Аштыққа ұшырағандар санының шұғыл артуы елдің гуманитарлық жағдайын шешілуі қиын күрделі деңгейге жеткізген.
БҰҰ Гуманитарлық істер комитетінің берген мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік жағдайы төмен елдердің еңдігінде Йеменнен кейін Оңтүстік Судан тұр. Бұл елде де 7,5 млн-нан астам адам шұғыл көмекке зәру. Соның арасында бір миллионға жуық балалар ашаршылық қасіретін бастан кешуде. Ал шұғыл көмекке мұқтаж Солмаидағы тұрғындардың саны, елдің жалпы халық санының тең жартысынан асады. Нигерияның солтүстік шығысын да жаппай ашаршылық жайлап, ай сайын мыңдаған балалар көз жұмуда. Ересек адамдар да аштық пен ауыру азабынан өлуде.
Гуманитарлық істер комитеті осы елдерге әлеуметтік көмек көрсету, қаржылай қолдау білдіруге әлем елдерін ынталандыру ісін қолға алды. Стивен О'Брайеннің бұл туралы: « Шындығына келер болсақ, бұл мәселені шешу үшін 7 айдық алдында-ақ 4,4 млрд АҚШ долларына зәру едік. Ал, қазіргі жағдайда бұл қаржының өзі де жеткіліксіз. Халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін, мақсат-тілегін бірлікке келтірмесек, аталған елдердегі халық түгелімен аштан қырылып қалады», – деді.
БҰҰ көрсеткен мәліметте, аталған аумақтағы 5 жасқа толмаған балалардың 30 пайызы тойып тамақ жей алмай отыр. 20 пайыз отбасы аса ауыр азық түлік тапшылығына тап болған. 10 мың адамнан күніне 2 адам аштық себебінен көз жұмуда.
“The Qazaq Times”