Алада келе жатқан парламент сайлауы партиялық тізім бойынша болады.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында алда келе жатқан парламент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады.
«Келесі мәслихат сайлаулары мәжіліс сайлауы сияқты партиялық тізімі бойынша болады. Біз кейбір блогер оппоненттерімізден мажоритарлық сайлау жүйесіне өту туралы ұсыныстарды естіп жатырмыз. Бұндай бастамаларға жауап беру керек. Бұл жерде нақты ұсыныс жоқ, сол баяғы сылдыр сөз. Билікті құрғақ сөзбен сынауда. Не істеу керектігін айтып, біреу ұсыныс жасаса игі. Біз демокартияның бастауы санайтын Еуропа елдерінің 63 пайызы сайлауды пропорционалдық жүйе бойынша өткізеді. Мажоритарлық жүйе негізінен партиялық жүйесі әлсіз, бір адамға негізделген Азия елдеріне тән. Пропорционалдық жүйе халықаралық демокартия негіздеріне сай. Партия жұмыс істеп, мәселені шешетін нақты ұсыныстар жасауы тиіс. Сол кезде бедел мен халық қолдауы болады» - деді Назарбаев.
Бұдан бөлек «Нұр Отан» көшбасшысы барлық сайлаулар заң бойынша уақытында өтетінін айтып, бұл тақырыпта әңгіме қозғауды қою керектігін айтты.
Соңғы рет Қазақстанда парламент сайлауы 2016 жылы болған. Заң бойынша келесі сайлау 2021 жылы өтуі тиіс. Бірақ бірнеше айдан бері қазақ қоғамында күзде немесе қаңтар-ақпан айларында кезектен тыс парламент сайлауы өтуі мүмкін деген әңгімелер қызу талқылануда.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жеті саяси партия бар. Олардың ішінде тек бір ғана ЖСДП «Ақиқат» партиясы өзін оппозициялық деп жариялаған. Қалған партиялардың барлығы билікпен ымыралас саяси топтардан жасақталған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?