Украина президенті Владимир Зеленский 7-8 тамыз аралығында Анкараға ресми іссапармен барып, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі. Бұл туралы «QHA media» хабарлады.
Кездесу барысында тараптар Қырымдағы қауіпсіздік мәселесін және Украинаның Түркиямен дипломатиялық қарым-қатынасын талқыламақ. Сонымен қатар, Киев пен Анкараның еркін сауда байланысы қарастырылмақ.
Зеленскийдің түрік көшбасшысымен алғашқы кездесуін украиналық сарапшылар «жетістікке» бағалап отыр. Олардың айтуынша, екі ел ортақ экономикалық байланыс жасай отырып, Қырымдағы жағдайларды да ретке келтіре алады. Себебі, осы уақытқа дейін Анкара және Украина арасында ортақ саяси жобалар болмаған.
20 мамырда Зеленский Украина президенті лауазымындағы алғашқы шетелдік сапарын Брюссельден бастауға ниетті екендігін айтқан. Кейіннен ол АҚШ, Канада, Еуропалық одақ және Түркияға сапаралайтынын мәлімдеген. Зеленский кез келген іссапар барысында Украинаның Ресеймен байланысына ерекше тоқталып өтетінін хабарлады.
Жаңа президентті ұлықтау рәсіміне қатысуға келген АҚШ өкілдерімен кездесуде Зеленский: «Донбасс пен Қырымдағы Ресей агрессиясына өзіміз қарсы тұра алмаймыз. Сондықтан сіздердің көмектеріңіз керек. Украина аумағының тұтастығын қалыпқа келтіру ісінде көшбасшылық танытып, ел ішін реформалауда көмек көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз және Америка тарабы Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді жалғастырса екен дейміз. АҚШ – Украинаның Ресей агрессиясына қарсы тұруда қуатты әрі ірі серіктестерінің бірі», – деп мәлімдеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?