Ресей мен Беларусь одақтас мемлекетінің құрылуы Украинаға қауіп төндіреді. «Frankfurter Allgemeine Zeitung» газетіне сұхбат берген Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді.
«Ресей мен Беларусьтің бірлескен жағдайда, бізге қысымды арттырады. Екі елдің ынтымақтастығы күннен күнге артып отырғаны белгілі», – деді. Жексенбіде Беларусьтің Сыртқы істер министрі Владимир Макей «Коммерсант» газетіне Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекет болса да, егемендігін сақтайды деген. Макейдің айтуынша, шағын мемлекеттерге қуатты ресурстарға ие болмай, қандай да бір экономикалық деңгейге өтуі қиын.
Екі елдің одақтас атануынан бөлек, Қырым мен Донбасстағы ахуал да айтылды. Бұған дейін Зеленский Ресейді эскалацияның алғышарттарын құрды деп бірнеше мәрте айыптаған. Бұл мәселеде Ресей әскерлерінің Украина шекараларына жақын шоғырлануын дәлел ретінде келтірді. «Егер бірдеңе болса, Украина өзін қорғай ма? Әрдайым» деп Киевтің кез келген жағдайға дайын деді.
Наурызда Донбасстағы жанжал қайта ушыққан. Түрлі хабарға қарағанда, Ресей әскері Украина шекарасына жақын жерлерге шоғырлана бастаған. Мәскеу бұл әскердің ешкімге қауіп төндірмейтінін айтады. Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескен Владимир Путин Мәскеудің бұл қадамға өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барғанын айтқан.
Ресей 23 наурызда аяқталған әскери жаттығулардан кейін Украина шекарасына жақын аймақтан әскер шығармағандықтан, АҚШ пен Еуроодақ бұл жағдайды қатаң бақылауға алған. Себебі шекараға әскер жіберу – мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сонымен бірге, әлеуметтік желілерде Ресей Брянск, Воронеж және Ростов облыстарына, аннексияланған Қырымға да әскерилер жіберіп жатқандығы туралы хабарламалар жарияланды. Бұл жағдай халықаралық қауымдастықтардың алаңдаушылығын тудырды. Ал Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Ресей әскерлерінің Ресей аумағы арқылы өтуі басқа мемлекеттерді мазаламауы керек, өйткені бұл оларға ешқандай қауіп төндірмейді» – деген.