Қазақ таймстың бүгінгі "TalkTOR"-інде энциклопедист, тәуелсіз журналист, Азаттық радиосының тілшісі Асылхан Мамашұлы.
Қазақстанда соңғы кездерде қоғамдық резонанс тудырған Арыс оқиғасына байланысты тәуелсіз БАҚ өкілі ретінде белсенді ақпарат таратып, жарылыстан кейінгі төтенше жағдай жарияланғаннан бастап бір жұмадай куәгері болған журналистің арыстықтардың басынан өткерген қиын жағдайы, жарылыс сәтіндегі халықтың өздігінен эвакуациялауы, сонымен қатар облыс әкімі мен Шымкент қаласының әкімдерінің «Ақмешіт» Орталық мешітіндегі наразы арыстықтармен тіл табыса алмай, қаланың орталық алаңына дейінгі бейбіт шеруге ұласқан стихиялы жиынның орын алуы, имамдардың медиаторлық миссиямен айналысуы, ашынған наразылардың ортақ талаптарының жүйеленбеуі, талаптарының шашыраңқылығы туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ дәстүрлі-ресми (мемлекеттік, жергілікті) және тәуелсіз БАҚ, әлеуметтік желі ақпараттарының шынайылығы әрі өз уақытында таралуы жайында да біршама тұжырымды пікірлерімен бөліскен кәсіби журналистің жағдайды көзбен көргендегі әсері, шынайы ақпаратқа қатысты өзіндік сүзгі-критерийлері, Қорғаныс министрінің көптің сынына ұшыраған ТЖ-ды «табиғи апат» деп мәлімдемесіне қатысты жеке көзқарасы, арыстықтардың бүлінген мүліктерінің бүгінгі жай-жапсары жайында ақтарыла айтқан ой-пікірімен таныса аласыз.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Бесеудің соты: Қазақстандағы жаңа саяси репрессияның көрінісі
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?
ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ: Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы