6 наурыз күні, Еуропа Одағына мүше елдердің сыртық істер министрлері мен қорғаныс министрлері бас қосқан Брюссельдегі отырыста, «Әскери жоспарлау және атқару орталығы» (MPCC) атты бірлескен қорғаныс командалық орталығын құру туралы шешім қабылданды. "Reuters" агенттігінің айтуынша, Бұл қорғаныс командалық орталығы символдық мәнге ие. ЕО-ға мүше елдердің көпжақты қорғаныс пен қауіпсіздік ынтымақтастығын іздестіріп жатқандығын түсіндіреді екен. Алайда, бұл орталықтың құрылуы ЕО мен НАТО арасына сызат салары.
Британдық «Гардиян» басылымының хабарына қарағанда, қолданыстағы ЕО әскери қуатын қорғаныс және азаматтық миссиясын қамтыған 16 түрлі элементте іске асырмақ. Командалық орталық шамамен 30 адамнан тұрады. Брюссельдегі ЕО Сыртқы саясат бөлімінен арнаулы кеңсе тағайындалды. Команда құрамы да ЕО Сыртқы саясат бөлімінің әскери қызметкерлерінен жасақталуы мүмкін.
Көп жылдан бері қорғаныс ынтымақтастығы Еуропалық Одақта аса кілтең түйіннің бірі болып келген. 2014 жылғы Ресейдің Қырымды бөліп алуы, түрлі экстремистік топтардың көбейуінде де бұл мәселе Еуроодақ комиссиясының күн тәртібінде қалып келді. Мәселенің сезімталдығы бұл орталықтың басқарушысын «командир» немесе «директор» деп атау турасында да пікір таластың көп болуынан да көрініп тұрды. Ақыр соңында «Директор» деп атауды жөн көрді. Бұдан да маңыздысы НАТО-ның әскери қолдауында келе жатқан Еуропа елдері үшін бұл жаңа қорғаныс бірлестігінің болашағы қалай болатыны туралы да уайым бар. НАТО мен Командалық орталық арасында қалып, өздерінің қауіпсіздігіне қатер төнуінен алаңдаған елдер бұл шешімге қарсы болып келген еді.
Өткен жылдың желтоқсан айында, Еуроодақ басшылары «Қорғаныс істерін жоспарлау және оны жоғары деңгейде атқару» штабын құру туралы мақұлдады. Бұл әрине ЕО ішкі-сыртқы қайшылықтары мен дау-жанжалдарды шешу үшін қажет болды. Еуропаның ең негізгі әскери күші ретінде Ұлыбритания бұл орталықты құруға қарсы болып келген. Қазір Ұлыбританияның ЕО-дан бас тартуы, орталық құру шешімінің жасалуына тікелей әсер етті. Ал бұл орталық Германия мен Франция мүддесіне барынша тиімді болды. Бұл идеяны бастан аяқ құптап келе жатқанда осы аталған екі ел.
«Гардиян» басылымының хабарлауынша, ұзақ жыл ЕО қорғаныс мәселелеріне күмәнмен қарап келген Ұлыбритания қорғаныс өкілі Майкл Фаллон да бұл орталықтың құрылуын құптаған. Себебі, ол қазірдің өзінде Еуропа Қорғаныс саласы командалық қызметтің және бақылаудың жоқтығынан тұралап тұр деп қарайды. Алайда Командалық орталық құрылғаннан кейін ЕО мен НАТО арасы алшақтап, НАТО мен ЕО арасындағы елдердің қауіпсіздігі туралы тың қайшылық туындауы мүмкін.
“The Qazaq Times”