Қазақстанның экс-премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікір білдірді.
"Настоящее время" телеарнасына берген сұхбатында Әкежан Қажыгелдин:
"Сайлау аяқталды. Дауыс санау жүріп жатыр. Мен екінші тур болатынына сенімдімін. Себебі Әміржан Қосанов алда келеді. Мен бұған сенімдімін және бізде дәлелдер бар. Бұның барлығы аспаннан алынған жоқ. Ақорда бұл жағдайдан қалай шығатынын және ертең екінші тур жариялай ма, жоқ па ол жағын біз білмейміз. Бірақ, біз оның алда келе жатқанын білеміз. Екінші тур болуы керек..." - деп мәлімдеді.
Қазірге Exit poll қорытындысы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев алда келеді. Оған халықтың 70,13% дауыс берген. Ал Әміржан Қосанов 15,39% дауыспен екінші орында.
Айта кететін бір жайт, бұған дейін президенттікке үміткер Әміржан Қосановтың өзі де "екінші тур болады" деп мәлімдеген. Сайлаудың нақты қорытындысы бірер сағаттардан кейін белгілі болады.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?