NASA ( Америка Аэроғарыш Орталығы) көп жылдар бойы ғарыш зерттеу саласында тынбай еңбек етіп келеді. НАСА ұшырған Күн бақылау спутнигі былтыр ғана Күн бетіндегі жарылысты біршама анық суретке түсіре алды.
Күнді бақылау спутнигі 2010 жылы ұшырылғалы бері, Күн белсенділігінің HD нұсқасындағы суреттер легін жолдап келді. Одан біз күн бетіндегі ғажайып жарылыстарды да анық көре аламыз. Әр алаун жарылстардан туындаған түрлі түсті жарықтарды да анық ажыратуға мүмкіндік берді.
Күн бізден тым шалғай болғасын да, жерде орнатылған бақылау құрылғылары оны толық бақылауға дәрменсіз. Күннен шыққан жарық Жер бетіне шамамен 8,3 минутта жетеді. Бұл да зерттеу нәтижелерінің дәлдігіне әсер етеді. Сонымен қатар, Жер шары Күннен жыл бойына бірде алыстап, бірде жақындап отырады. Мұның өзі Күннің көріну радиусын өзгертіп отырады.
Күн – аса жоғары темпратурадағы газды шар. Сутегі – Күнде ең кең таралған элемент болып саналады. Бұдан өзге гели (гели), оттек, көміртек, азот, магни, кремни, темір элементтері бар.
Оның тікелей бақылауға келетін сыртқы қабаты – Күн атмосферасы, Күн тәжісі деп те аталады. Онда Күн радиациясынан пайда болған күшті жарылыстар болып тұрады. Бұл жай көзге көрінбейді. Әр реткі жарылыстардан бөлініп шыққан энергия Күн жүйесіне таралып кетіп жатады. Күн жүйесіндегі барлық ғаламшарлар энергиясының қайнар көзі де – Күн.
"The Qazaq Times"