«Халық Банк» Өзбекстанға 15 миллион доллар қаржы салмақ.
Мамыр айының 22-і күні "Халық Банк" басшысы Үміт Шаяхметова журналистермен кездесті. Онда ол: «Қазіргі біз Қазақстан Ұлттық Банкі мен Өзбекстан Орталық Банкімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз Өзбекстан аумағындағы еншілес банкімізді қысқа уақыт аралығында ашқымыз келеді. Бірақ ол үшін бірінші кезекте Қазақстан Ұлттық Банкінің рұқсатын алу керек. Еншілес банктің бастапқы капиталы 15 миллион доллар болады» - деп мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, қазіргі таңда «Халық Банктың» Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузияда еншілес банктері бар.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?