Гонконг қаласында өткен семсерлесуден Азия чемпионатының финалдық сайысында өскемендік Руслан Кұрбанов жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
1/4 финалда жерлесіміз Тайпейден келген спортшы Chuang Po Yu-ді 15:4 есебімен оңайлықпен тізе бүктірді 1/2 финалда шайқас алаңына шыққан Руслан бастапқыда әлсіз ойын көрсеткенімен, кейін барын салып Оңтүстік Корея спортшысы Kweon Yong Jinsun-нан 15:13 есебімен жеңіске жетті.
Ал финалдық кездесуде Оңтүстік Кореяның тағы бір семсерші Youngjun-ді 15:10 есептік көрсеткішпен сүріндіріп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Үш бірдей мықты қарсыласты басып озған Руслан Азия чемпионатында алтын медальға қол жеткізді. «Бұл еліміз үшін үлкен мәртебе» - деп атап өтті ШҚО семсерлесу спортының бас бапкері Сергей Владимирович.