2017 жылы 18 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Байырғы Түркі құндылықтары - 2017» атты халықаралық, ғылыми теориялық-практикалық конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты мен міндеттеріне келер болсақ, біріншіден, отандық және шетелдік түркітанушыларды түркі тілдес елдердің саяси, мәдени қарым-қатынасқа негізделген интеграция жағдайына ұйыстыру; түріктанудың өзекті мәселелері мен болашақ даму бағыттарын талқылау; түркітанудың ежелгі дәуірден ХІХ ғасырға дейінгі тарихи-мәдени құндылықтарына басымдылық бере отырып қарастыру.
Конференция аясында Байырғы Түрік Бітіг Күнін белгілі түрколог-ғалым ф.ғ.д., профессор Қаржаубай Сартқожаұлының 70 жылдығына орай ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Ғ. Айдаров мінбері:
 
Байырғы түрік және ортағасыр жазба мұралары (тіл білімі, өнері, әдебиеті);
- З. Самашев мінбері:
 
Сақ (Скиф), Хунну (Сюнну), Түрік археологиясы;
- О. Смағұлов мінбері:
 
Түріктердің этнологиясы (антропология, ДНК зерттеулері), этнографиясы;
- Б. Көмеков мінбері:
 
Орта ғасырдағы Түрік тарихы.
Қатысу шарттары және басқа ақпараттар туралы төменде көрсетілген контактілер арқылы хабарласуға болады.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Бас ғимараты.
«Түркітану және алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы
Қазақстан тарихы кафедрасы
010008, Астана қ., Сәтпаев көшесі, 2.
Ұйымдастыру комитеті мен үйлестірушінің телефоны:
8-(7172)-70-94-94, 8 (747) 877 39 36, +7 (701) 749-98-42
kharjaubay@mail.ru, turiktanu@mail.ru.
"The Qazaq Times"












                                                        





                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
                                    
                                        ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ: Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы
                                    
                                        Иманғали Тасмағамбетовтың ақталуы: Қазақ қоғамындағы пікірталастар
                                    
                                        Рамазан – рухани тазалық пен мейірім айы
                                    
                                        24 қазан – Кітапханашылар мерекесі құтты болсын!
                                    
                                        Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді