Әзірбайжан мен Түркия қарулы күштері бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізді. Карста өтіп жатқан «2021-қыс жаттығуына» Әзірбайжанның Қарабақ соғысына қатысқан 9-шы армиясының қарулы күштері қатысқан.
Екі ел армиясы жаттығу барысында бірқатар әуе және құрлықтағы әскери операцияларды қатар орындаған. Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесінде, жаттығудың мақасаты екі ел қарулы күштерінің қыс шартындағы әскери операцияларды орындаудағы шеберліктерін шыңдау.
Жаттығуға қатысып жатқан Әзірбайжан қарулы күштері танк полкының капитаны Фарыз Велиевтың түрік ақпарат құралдарына берген пікірінде, Түркия қарулы күштерімен ортақ жаттығуға қатысу Әзірбайжан армиясына жаңа тәжірибелер қабылдаудың үлкен орайы екенін айтқан.
Түрік пен әзірбайжан қарулы күштерінен 1300-ге жуық сарбаз қатысқан жаттығуда 190 әскери техника қолданылып, 218 түрлі қару түрі сыналған.