22 ақпан күні, Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу өз мәлімдемесінде Ресейдің осы жылдың ішінде Курил аралдарына әскери базаларын орналастыруды жоспарлап отырғанын білдірді. Бұл аралдарды жапондықтардың Солтүстік төрт арал және Криль аралдары деп атайды. Ресей қорғаныс министрінің хабарлауынан белгілі болған бұл әскери бөлім, Ресейдің жаңадан құрылған 4 әскери бөлімінің бірі болып отыр.

Бұл туралы Сергей Шойгудың ТАСС ақпараттық агенттігі және БАҚ Мемлекеттік думасында (Төменгі палатасында) жасаған баяндамасында белгілі болды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып Chinanews.com хабарлайды.

Курил аралы, (Солтүстік төрт арал) Фото: Worldbulletin

Өзгелердің назарын аудартып отырғаны – бұл әскери бөлімнің нақты жай-жапсары анық еместігі. Алайда, Төрт солтүстік аралға орналастыратынын болжауға болады.  Ресей жақ сол арқылы төрт аралдың әскери қауіпсіздігін нығайтуды көздеп отыр. Өткен жылдың желтоқсан айында өткен орыс-жапон келіссөздері таным бірлігіне келіп, Ресей мен Жапония Солтүстік төрт аралда ортақ экономикалық қадамдар жасау келісілген. Алайда, Шойгудың мәлімдемесінен Ресей жақтың әлі де болса Солтүстік төрт аралдың әскери қорғанысын нығайтуға ынталы екенін көрсетіп берді.

Жапониядағы Ресей бас елшісі өткен айдың 22 жаңасында өткен, ұзақ та дүбірлі баспасөз мәслихатында «Бұл Ресейдің Солтүстік төрт аралдағы мүддесіне сай келмейді» деген болатын. Бұл сөзі оның Ресей-Жапония келісімі мен ресейлік ұстанымға қайшы деп танылған еді. Екі үкімет Криль аралдарына ортақ экономикалық әрекет жасауға әлде қашан келіскен. Соған сай 18-20 наурыз аралығында Токиода екі ел министрліктерінің кеңейтілген отырысы өтуі де жоспарланған. Ресей қарулы күштерінің Криль аралдарында бір жақты әскери күшті нығайтуы, алдағы келіссөздің деңгейіне әсер етеді деп күтілуде.

Жапония Ресейдің бұл қадамына қарсы. Келісімдерді елеместен Солтүстік төрт аралға әскери базаларын орналастыру жапон мүддесіне сай келмейтінін айтты. Жапония Екінші дүние соғысында Кеңес одағының еншісіне кеткен аралдарын қайтарып алуға үміткер. Ал Ресей қарулы күштерінің әрекеті аталған аралдарда барған сайын белсенділік танытып келеді. Екі ел жасасқан ортақ экономикалық жандандыру келісімдері іске асуы екіталай. Наурызда болатын келісімде жапондар батыл түрде Кеңес кезінде кеткен аралдарын қайтарып беруді де талап етуі мүмкін.

Ресей әлдеқашан іске кірісіп кетті. Екі аралға 18-ші артиллериялық дивизиясын жайғастырды. Әскерлер орналасатын бөлімшелердің шарт-жағдайы айтарлықтай жақсартылмақ. Ресейдің бұл қадамы Охот теңізіндегі су асты барлау және әскери қызметті қолдау мақсатында, төрт аралды қорғаныс тірек пункті етпек. Соған сай әскери қорғаныс базасын жаңартып отыр. Курил топ аралдары екі ел ортасындағы ынтымақтастыққа айтарлықтай салқындық алып келуде. Токио билігі бұл аралдардың иелік құқығы шешілмейінше келісімдерге қол қоюдан бас тартуға дайын отыр. Бұл да осы жылдағы Шығыс Азия қайшылығының бірі болып қосылмақ. Айналасын мүйіздеуге құмар Путин билігінің көздеген мақсаты бұл ғасырда жүзеге асуы екіталай.

The Qazaq Times