Филиппиннің оңтүстігінде католиктік шіркеуде қатарынан екі рет жарылыс болып, 27 адам қаза болды және 77 адам жарақат алды. Филиппин үкіметі жасаған мәлімдемеде жарылыс жасағандарды іздестіріп жатқанын айтқан және «Іске қатысты ешбір адам құтылып кетпейді, бәрі де тиісті жазасын алады», – делінген.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, бомбалы шабуыл Сулу провинциясына орналасқан Хелу қаласындағы католиктік шіркеуге бағытталған.
Шіркеу ішінде болған алғашқы жарылыстан кейін, оқиға орнына көптеген үкімет қызметкерлері мен қауіпсіздік күштері жетеді, осы кезде шіркеудің автотұрағында екінші рет жарылыс болады.
Мәліметтерде қаза болғандар арасында үкіметтік және қауіпсіздік күштерінің өкілдері де бар екені айтылған.
Қазірге дейін бірдей бір ұйым аталған шабуылды өз мойнына алмады. Дегенмен, Сулу аймағында исламдық қарулы топ «Абу Сайяфтың» жетекшілері жасырынған өңір. Кезекті шабуылға көптеген тараптар аталған террорлық ұйымды айыптауда.
Айта кетейік, шабуылдан бірнеше күн бұрын Сулу провинциясының автономия алуы туралы өңірде референдум өткен болатын. Алайда, дауыс беру нәтижесі бойынша Сулу провинциясының автономия ала алмады. Филиппин халқының басым көбі католик сенімін ұстанады, аталған Хелу қаласы мұсылмандар көбірек қоныстанған өңір болып саналады.