Польшаның Катовиче қаласында өткізілген халықаралық Конференция климаттың өзгерісін басты тақырып етті. Жиналысты БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Польша президенті Анджей Дудан бастап ашты. Конференция қатысушылары қазір әлем елдері климаттың өзгерісіне қарсы жасап жатқан шараларының көңіл көншітпейтінін айтты.
БҰҰ бас хатшысы сөзінде: «Жер шарының климаты тым жылдам қарқында өзгеріп жатыр, ал біз оған қарсы баяу әрекет етудеміз. Бұның соңы климат апатына алып бармай тұрғанда, адамзаттың ортақ үйін қорғау кезек күттірмейді», – деді.
Қазіргі климат өзгерістерінің тездігіне қарағанда, алдағы 30-40 жыл ішінде Оңтүстік Азия мен оған жақын аймақтарда адамзаттың өмір сүруі қиынға соғады. Аталған өңірлер әлемдегі халық саны ең тығыз аймақтар саналатындықтан, бұл жаһандық тұрақсыздыққа алып келетін қатер.
Аталған конференцияда климат өзгерісіне тез арада шешім табу керектігі айтылды. Сондай-ақ, осы саладағы зерттеуші ғалымдар жағынан ұсыныстар тасталды. Бұл ұсыныстар БҰҰ жағынан қаралып, соңында мемлекеттерге ортақ міндеттер жүктелуі мүмкін.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?