Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше қазіргі уақытта 10 әскери қызметкер құтқарылған. "Қазіргі уақытта 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің (барлығы 60 адам) оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 75 адам, яғни құтқару қызметінің жеке құрамы және жеті арнайы техника Тараз қаласынан жөнелтілген. Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жеті адамның мәйіті табылған", - деді ол.
Еске салайық, Жамбыл облысында Көксай шатқалында 91678 әскери бөлімінің жоспарлы әскери дайындық барысында ойламаған жерден қар көшкіні жүрді. "ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетімен бірлесе отырып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Оңтүстік" өңірлік басқармасында қолбасшының басшылығымен жедел штаб құрылған. Осы оқиғаға байланысты істелген шара жайында кейінірек толықтырып хабарланатын болады", - деді ведомстводағылар.
“The Qazaq Times”












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?