АҚШ. Ақ үйдегі кешегі (16 ақпан, бейсенбі ) өткен тартысқа толы баспасөз мәслихатында, журналистер Трамптан кеңесшісі мен Ресей елшісі арасындағы байланыс туралы жарытып жауап ала алмағанына наразы. Бұл реткі баспасөз мәслихаты үкіметтік шексіз өктемдігін байқатты дейді баспасөз конференциясында болған «The New York Times» басылымының журналистері.
Жаңа Еңбек министрін таныстыру мақсатында, асығыс ұйымдастырылған Ақ үй баспасөз мәслихатында Трамп БАҚ-тың сынын елеместен, өзі құрған үкіметті «Дәлдігі жоғары баптау машинасы» деп мақтаған. Керісінше Уашингтондағы көптеген тұлғалар олардың жасаған қателіктерін сынға алуда. Ал Трамптың түсіндіруінше жұрт сынындағы істердің бәрі де өзінен бұрынғы биліктің қалдырған кемшіліктері болса керек. Ол сөзінде: «Алдынғы биліктен менің қолыма өткені – ел іші-сыртындағы, былықпалыққа толы астаң-кестең жағдайлар», – деді.
Мәслихат барысында келесі аптада президенттің көші-қонды шектеу туралы жаңа жарлық шығаратыны белгілі болған. Сонымен қатар, наурыз айынан бастап денсаулық сақтау саласында бұрынғы үкіметтен қалған жүйені жаңалау жоспары атқарылмақ. Ал, одан кейінгі кезекте салық жүйесін реформалау және басқа да жоспарлар орындалуды күтіп тұр.
Алайда бұл реткі баспасөз кеңесінің басты ерекшелігі ретінде, Ақ үйдің қазіргі заман тарихында көрінбеген өзін ақтау мен айбар шегуінің айқын көрінді. Мүмкін, ол әдейі осындай сыңар езулік арқылы, бір ай бойы басқару жүйесімен күресе келіп, соңында өзінің сайлау кезіндегі энергиясына қайта оралып, ауқымды реформаларын жүргізбек. Десе де, Трампты түсіну былайғы жұртқа оңай болмай тұр. Айталық, ол сөзінде: « Теледидарда, басылымдарда сынап-мінеуге толы пікірлер тау-теңіз болса да, мен жаман адам емеспін», - деген еді. Америкалықтардың бар үміті осы сөзде қалмас бұрын, Трамп та өзін оңды жақтардан көрсетуі тиіс. Шын мәнісінде ол Ақ үй бақылауынан шығып, дербес саясатпен немесе пікір алмасумен айналысып тұрған жоқ. Оның мынадай деген сөзі бар: « Ежелден бері президенттер қысқа ғана өкілетті мерзімінде үлкен іс тындыруға үлгерген жоқ. Біз тіпті үлкен істі бастамай жатып, өзімізден кейінгі дайындап беріп отырамыз».
Біздің ойымызша да Трамптың бар мақсаты, осылай әлемді дүрбелеңге салатын қияңқы мінезбен жұртты шаршату емес екені анық. Ол өзінің басқару жүйесімен күресуде. Бұл күрес қанша уақытқа созылады және одан кейінгі америкалық қоғамның дамуы мен экономикасының тың қарқын алуы қаншалық іске асады? Бұл сұрақтарға әзірге ешкім кесімді жауап бере алмайды. Тағына отырғалы ресми іс-сапарына шығуға мұрсаты жоқ Трамптың ойлаған ойы, оның шулы дүбірінің тасасында жатуы бек мүмкін.
“The Qazaq Times”