22 маусым, сейсенбі күні Солтүстік Корея лидерінің қарындасы АҚШ лауазымдыларының келіссөздерді қайта бастау туралы ұсынысын келеке етіп мәлімдеме жасады. Ким Жоң Унның қарындасы әрі елдегі билік партиясы ОК хатшысының орынбасары Ким Ио Жин бұндай мәлімдемесін елдегі ең ірі ресми ақпарат арнасы арқылы жасаған.
Өткен аптаның соңында Жо Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Жейк Салливан АҚШ-Солтүстік Корея қарым-қатынасы туралы мәлімдеме жасап, келіссөздерді қайта бастау туралы ұсынысты алға тартқан еді. Ким Ио Жоң (Kim Yo-Jong) кезекті мәлімдемесі Жейк Салливанға берген жауап қатарында бағаланды.
Салливанның мәлімдемесінен бұрын Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун Жұмысшы партиясы Орталық комитетінің жиналысында АҚШ-қа қаратқан позицияда «келіссөзге де, қарсыласуға да дайын болу» керек деген мағынада мәлімдеме жасаған болатын. Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Салливан америкалық телеарналардың Ким Жоң Унның мәлімдемесін «қызықты сигнал» деп бағалаған еді.
Ал, Ким Ио Жоң АҚШ лауазымдыларын «бос қиыл», «құр арман» қуалап отыр деп кекеткен. Ол сөз арасында: «Солтүстік Кореяда “арман әрине жақсы, бірақ ол ештеңеге жарамайды” деген сөз бар. Америка Құрама Штаттары сөйлесулер арқылы мастурбация жасап армандарын жүзеге асырған болады», – дейтін пікірін жеткізген.
Ким Ио Жоңның кезекті мәлімдемесі АҚШ-тың Солтүстік Корея істері бойынша жаңа тағайындалған арнайы өкілі Сун Кимнің Оңтүстік Корея мен Жапонияға сапары қарсаңында жасалып отыр. Сун Ким осы аптада Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайнмен кездесіп, Солтүстік Кореяның мәселесі туралы талқылайды деп күтілуде. Ол сапарынан бұрын Пиоңяңға қарата «кез-келген уақытта, кез-келген жерде ешқандай алғышартсыз кездесу немесе сөйлесуге дайын екенін», алдағы уақытта Солтүстік Корея тарабынан «осындай ұсыныс жасалады деп үміттенетінін» айтқан болатын.
Ким Ио Жоңның кезекті мәлімдемесі АҚШ-Солтүстік Корея қатынасында әлі де күрделі түсініспестіктің жатқанын көрсетті. Солтүстік Кореяны билеп отырған әулеттің өкілі, әрі биліктегі маңызды адамдардың бірі болған Ким Ио Жоң елдің сыртқы саясатын белгілеушы екені де айрықша назар аудартады.