АҚШ-тағы президент сайлауында демократтардың үміткері Жозеф Байден басым түскенімен, Ақ үй тарабында билікті өткізіп беру турасында ешқандай әрекеттер жасалып жатқан жоқ. Трамп әкімшілігі қалыпты жұмысын жалғастырып, алдағы жылдарға белгіленген стратегияларға қатысты қадамдарын жасауда.
Республикашылдарға жақтас Washington Post басылымы Трамп әкімшілігі 2022 жылдың бюджеті жоспарлауға кірісіп кеткенін жазды. Одан өзге де алдағы жылдарға арналған стратегияларға қатысты қадымғы қадамдарын жасап жатқаны туралы да өзге басылымдар хабарлауда.
Мемлекеттік хатшы Майкл Помпео болса «заңды дауыстар» қайта саналып болғаннан кейін, Трамп екінші мерзім президенттік қызметін қалыпты атқара беретінін айтқан.
Ал, Жозеф Байен 20 қаңтарға белгіленген иннаугурацияға дайындалып жатыр. Алайда қазіргі Трамп администрациясы билікті өткеріп беру турасындағы ешқандай қадам жасамаса, жаңа президентке арнайы жұмыс кеңсесін дайындау, байланыс құралдары және өзгеде қажеттіктерін ұйымдастыру мүмкін емес.
Байден өзінің мәлімдемесінде Трамптың кездесуден бас тартуы және сайлаудың қорытындысын мойындамай тұрғаны, сондай-ақ, әкімшілігі тарабынан ешқандай билікті өткеріп беру дайындықтарына кіріспеуі ыңғайсыз жағдайға қалдырғанын айтқан.
Қазірге дейін ешбір штатта сайлау нәтижесі толық әрі ресми тұрақтанған жоқ. Алайда, бюллетендердің 90 пайызы саналып болды. Республикашылдардың арызымен кейбір штаттарда дауыстар қайта саналып жатқанын америкалық басылымдар жазып жатыр. Бірақ, президент Трамптың заңгерлері жолдаған көптеген арыз кері қайтарылған.
Дүйсенбі күні Республикашылдар партиясының лидері Митч Моконнел Трамптың дауыс беру нәтижесі бойынша сотқа жүгінуге құқығы бар екенін айтты. Осылайша, сайлау аяқталғанымен, АҚШ-тың кезекті президентінің анық кім болатыны әлі дүдәмал күйде тұр.