Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Ежелгі Римде ұлтты емес, азаматтықты құрметтеді» деп мәлімдеді.
Қазақстан қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанда көптеген этностар өмір сүреді. Сол себепті де біз барлығымыз осы елдің азаматтарымыз. Сіздер ежелгі Римнің тарихын жақсы білетін шығарсыздар. Римде адамның ұлтын емес, азаматтығын құрметтеген. Римнің азаматы болсаң болды. Ұлт жөнінде ешқандай сөз болған жоқ. Әртүрлі ұлттардың арасынан елшілер мен императорлар сайланды. Сол себепті біз – қазақстандықтар, қазақпыз» - деді Назарбаев.
Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше жыл бұрын билік басында жүрген атқамінерлер "қазақстандық ұлт" бастамасын көтерген. Олардың ұсынысы бойынша, қазақстандақтар қазақ немесе өзбек ұлты болып бөлінбейді. Барлығының төлқұжатына "қазақстандық" деген сөз жазылады. Бірақ сол уақытта "шолақ белсінділердің" бұл бастамасына зиялы қауым өкілдері, журналистер қауымы және азаматтық белсенділер қарсы шығып, "жабулы қазан, жабулы күйінде" қалған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды