Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан шығуы әлі күнге дейін талқыланып жатыр.
Осы аптада Брюссельде Еуроодақ кеңесінің отырысы өтіп, Британияның Brexit шешімі қайта қаралды. Келіссөздер барысында ЕО-ның басты өкілі Мишель Барнье: «Әлі күнге дейін нақты келісімгекелген жоқпыз. Кейбір өзекті мәселелер талқыланып жатыр», – деді. Қос тарап Ұлыбритания экономикасына нұқсан келтірмей, Белфаст келісімінің шарттарын орындау бойынша бір мәмілеге келе алмай отыр. Демек, Тереза Мэйдің жоспары жүзеге асады деп айту қиын.
Бельгия сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс: «Уақыт өте тығыз. Мәселе шаш етектен. Қарашада айтарлықтай нәтижеге жету қиын, бірақ жаңа жылға дейін барлығы орындалады деген үміттеміз. Себебі, Brexit бойынша Еуроодақтың арнайы саммитін ұйымдастыру үшін қандай да болсын ілгерілеу қажет» – екендігін айтты.
Соңғы жылдары Еуропалық Одақ сауда-экономикалық жағынан қиындықтарға тап болды. Егер Ұлыбритания Brexit шешімінде саяси кикілжіңдерге баса мән берер болса, мемлекеттік компанияларды бюррократиялық «регресстен» құтқарып, экономикалық дағдарыстан құтыла алады. Алдағы уақытта Мэй үкіметі жаңа экономикалық жоспар құрып, маңызды келісімдер жүргізу арқылы эволюциялық прогресске қол жеткізбек. Бірақ саяси істе тұрақсыздық танытып келе жақтан Біріккен Корольдік кей жобаларды одақ құрамынан тыс мемлекеттермен жүргізу барысында кедергілерге тап болуы мүмкін.
Brexit тақырыбы саясаттағы күн тәртібінде тұрған мәселеге айналғалы бері, Солтүстік Ирландия мен Ирландия Республикасы шекарасының болашағы да талқылана бастады. ЕО аиалған мемлекет арасында қатаң төлқұжаттық бақылау мен шекаралық дау болмауы тиіс деген талап қойды. Сонымен қатар, Ұлыбритания 2019 жылғы 29 наурызда ЕО-дан шыққаннан кейін ЕО-ға 39 млрд фунт стерлинг төлейді.
Brexit – плюрализм
Сәрсенбі күні британдық үкімет ЕО-дан шығу жөніндегі мәміле шарттарын бекітпек. Brexit жоспарына қатысты құжаттар Еуропалық Одаққа жіберілген. Бұған қатысты кей саясаткерлер Тереза Мэйдің шешімін құптаса, кейбірі премьер-министрдің биліктен кетуін талап етіп отыр. Осыған дейін ВВС телеарнасы сараптамалық хабарлардың бірінде премьер-министрдің Еуроодақтан шығу жайлы шешімінің мүлде сын көтермейтіні айтылды. Ендігі кезекте басы шекаралық даудан басталып, пікір алуандығына әкеп соққан Тереза Мэйдің Brexit жоспары жайлы пікірлерге зер салсақ.
Еурокомиссия өкілі Маргаритис Схинас: «Келісімге келу – міндет. Техникалық деңгейдегі келіссөздермен шектелмей, саяси мәмілеге тез арада қол жеткізуіміз қажет».
Солтүстік Ирландия демократиялық юнионистік партиясы (DUP) көшбасшысы, Найджел Доддс: «Тереза Мэй үшін ең күрделі мәселе - оның жоспары. Әлбетте, бұл шешімді құптауға болады. Бірақ, қиындықтар көп кездессе, Британия жағдайы нашарлап кетеді».
Британияның бұрынғы Сыртқы істер министрі, консерватор Борис Джонсон: «Вассалды мемлекет атануға аз ғана қалғандай. Brexit – саяси байланыс пен дамуды тежейтін жоспарн. Министрлер кабинеті бұл жобаны қабылдамайды деген үміттемін».
Біріккен Корольдіктің Тәуелсіздік партиясының бұрынғы басшысы (UKIP), Найджел Фарадж: «Менің ойымша, бұл тарихтағы ең нашар мәміле. Біз басқаны да, өз-өзімізді де жеңген ел ретінде қалыптастық. Осы ұстанымды сақтап қалу керек. Егер дұрыс шешім қабылданбаса, Министрлер кабинетінің мүшелері жаппай отставкаға кеткені жөн болар».