Америка Құрама Штаттарының президенті Жо Байден отырған ұшақ Еуропаға қарай ұшты. Бұл оның Ақ үй қожайыны болғаннан бергі алғашқы мемлекеттік сапары. Бұл сапарының күн тәртібінде Байден бірқатар маңызды кездесулерді өткізбек. Соның ішінде ең елеушісі G7 саммитіне қатысу. Сапар алдында Байден Ресей президенті Путинге қарата қатаң ескертуін де айтып кетті.

Байден АҚШ-тың бірінші ханымын ертіп сапарға аттанды. Фото: AP.
Байденнің алғашқы шетелдік сапары Ұлыбританиядан басталады. Бұл АҚШ президенттерінің өзгермей келе жатқан, өзгере қоймайтын дәстүрі. Сапарының алғашқы күнтәртібі Британия бас уәзірі Борис Жонсонмен кездесу. Бұдан кейін Британиядағы бірқатар маңызды кездесулерін бастайды. 13 маусымда Байден Біріккен Корольдіктің патшайымы Елизавета ІІ-ге кездесіп, өмірден қайтан ханзада Филипптің орынын жоқтап көңіл айтады.

Борис Жонсон мен Байден ханымдарымен отбасылық кездесуінде. Фото: BBC.
Осыдан кейін АҚШ президенті Бельгияның бас қаласы Брюссельге аттанып, НАТО саммитіне (14 маусымда өтетін) қатысады. 15 маусымда тағы сол Брюссельде АҚШ-ЕО саммитіне болып, 16 маусым күні Женевада Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек.
Байден сапарының алдында Путинге бағыттап ескерту жасапды, ол Ресей үкіметінің Құрама Штаттарға қарсы "зиянды әрекеттерін тез арада тоқтатуын", егер бұл әрекеттер жалғасын тапса АҚШ "аса пәрменді әрі белсенді жауап беретінін" ескертті.
Байденнің кезекті сапарына әлем елдері баса назар аударады. Себебі, бұл сапарда АҚШ президенті ең ықпалды елдер мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен кездесіп, қазіргі халықаралық маңызды мәселелерді, құбылып тұрған халықаралық тәртіптер турасында сөйлеседі.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес