Қаратеңіздің Қырымға жақын айдынында Ресей ұшағы Британияның әскери кемесіне қарсы оқ атты. Ресей Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде Британияға қарасты «Defender» атты әскери кемесі шекара бұзды деп айыпталған.
Мәлімдемеде айтылуынша, Қырымның оңтүстік-батысындағы Феленкте ағылшын кемесіне қарсы Ресей әуе күштерінің Su-24M ұшағы ескерту оғын атқан. Екі рет ескерту оғы атылып 9 минут өткеннен кейін ағылшын кемесіне «бомбалау» туралы ескерту жасалған. Бұдан кейін «Defender» кері шегінген.

Британия теңіз күштеріне қарасты «Defender» атты кемесі. Фото: Global Independent Times
Қырым маңындағы бұл оқиғадан кейін Ресей Қорғаныс министрлігі Мәскеудегі Британия елшілігінен әскери өкіл шақыртып, түсінік талап еткен.
Кезекті оқиға, онсызда нашар күйдегі ағылшын- орыс қатынасына тағы да кері әсерін тигізуі мүмкін.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр