Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабия Ішкі істер министрімен кездесті.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабия ІІМ Әбдел Азиз бен Сауд бен Наифпен кездескен. Кездесу барысында қос тарап екіжақтық қарым-қатынастың ауқымын кеңейтуге байланысты келіссөздер жүргізген.
Бұдан бөлек Назарбаев кездесу кезінде: «Сауд Арабиясы біздің Ислам әлеміндегі сенімді серіктесіміз. Біз алдағы уақытта саяси және экономикалық қарым-қатынасымызды одан ары тереңдетуге мүдделіміз. Сондықтан мен Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы мен королі Салманды Қазақстанға шақырдым» - деп мәлімдеді.
Өз кезегінде Сауд Арабия министрі Назарбаевқа кездесіп, қабылдағаны үшін рахмет айтып, өз сапарының ресми Эр-Риядтың тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асқандығын жеткізді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?