Дубайдағы World Government Summit форумы аясында «Ұшатын автокөліктер» жобасы көрсетілген болатын. Жоспар бойынша, 2017 жылдың шілде айында өз қызметін бастайды, деп Эмират қаласының көлік және жол басқармасының басшысы Матар аль-Таердың сөзіне сілтеме жасап ria.ru хабарлайды.
«Жүргізушісіз транспорт жалпы шығынды 22 миллиард дихрамға (6 миллиард долларға) азайтады. Сондай-ақ, одан бөлінетін зиянды заттар мен жол көлік апаттарын де азайтады. Біз айқын заңдары мен ережелері бар автономды траснпорт үшін кешенді стратегиялар жасаймыз », – дейді аль-Таер. Оның айтуынша, 2030 жылға қарай Дубай автономды көлік құралдары саласындағы «Пионер» ел болады.
Дубайдың жол-көлік басқармасы (RTA) Ehang аталатын, қыталық компания жасап шығарған, «автономды ұшатын аппарат» (AAV) нарыққа ұсынады. Инновациялық және экологиялық транспорт саналатын бұл аппарат жолаушыларды белгілі бір қысқа ара-қашықтыққа жылдам жеткізеді.
Жолаушылар арнайы орнатылған навигаторық жүйе мен сенсорлы экранның көмегімен баратын жерін белгілейді. Ұшатын көлікті жасаушылардың айтуынша, ұшу бірқалыпты деңгейде және мейлінше қауіпсіз болады.
Машина электрдің көмегімен жұмыс істейді, ал «қанаттары» жиналып тұрады (ұшпаған кезінде). Көліктің жүргізушісі болмайды, оны тіпті әуесқойлар да ұшу-қону тетіктерін басып, басқару мүмкіндігіне ие. Ауа-райының қолайсыз жағдайында, бұл көліктер жалпы командалық орталықтың бақылауында болады.
«The Qazaq Times»