Париж билігі жүргізушісіз басқарылатын электр моторлы екі шағын автобусты іске қосты деп хабарлайды BBC-дің қырғыз қызметі.
Қазір бұл жоба эксперимент ретінде қарастырылып отыр. Егер жүзеге асып жатса, қала билігі транспорттың бұл түрін одан ары дамытпақшы.
Әзірге екі шағын автобус та қысқа маршутта қатынап жүр. Оларға арнайы жол жолақ берлілген. Автобустар 12 адамға лайықталған. Қауіпсіздік үшін қажетті құралдармен жабдықталып, бақылау камералары орнатылған.
Париждің вице-мэрі Жан-Луи Миссика бұл жүргізушісіз автобустар жөнінде әлемдегі қалалық транспортқа революция жасайды және ірі қалалардағы қатынасты өзгертеді деп сенім артады.
Болашақта қала билігі бұл транспорт, қала сыртына қатынайтын пойыздарды алмастырады деп үміттенеді. Эксперимент қорытындысы үш айдан соң шығарылады.
Соңғы жылдары бірнеше автомобил компаниялары жүргізушісіз көлік шығарумен айналысып жатыр. Кейбір қалаларда бұндай көліктерді кезіктіруге болады.
2020-жылға бұндай көліктерді шығаруға белсенгендер арасында германиялық BMW және Volkswagen, америкалық General Motors, Tesla мен кореялық KIA компаниялары бар.
Сонымен қоса ірі IT-компаниялар, Apple және Google де осы шараға кірісіп жатыр. Олармен бірге Uber де ат салысып жатыр.
«The Qazaq Times»


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы