2017 жылғы мобиль Халықаралық конгрестің шешімі бойынша, Global Mobile Awards сыйлығын табыстау рәсімінде, GSM ассоциациясы Samsung Galaxy S7 edge флагманды смартфондарын 2016 жылдың мобильді телефондар категориясындағы ең үздігі деп таныды.
Әлем бойынша инновациялық технологиялар, оның ішінде мобильді байланыс саласындағы лидер компания бола тұра, Samsung уақыт өткен сайын бағдарламалар мен сервистерін жақсарту, бүкіләлемде пайдаланылатындай етіп ықтимал шекараларын кеңейту мақсатында үздіксіз жұмыс жасап келеді. Galaxy S7 edge флагманды смартфоны дизайны, фотокамералары мен көрнекті өнімділігінің жоғары болғаны үшін үздік деп танылды.
Samsung Electronics мобильді коммуникациясының жаһандық өнім өндіруді жобалау бөлімінің фице-президенті Джунхо Парк (Junho Park) былай дейді: «Біздің дизайн мен технологиялық инновация саласындағы бар күшімізді салып, жүзеге асырған Galaxy S7 edge смартфондарын үздік деп тапқандары үшін мақтанамыз. Бұл сыйлық біз үшін еңбектің ақталатындығын көрсетіп қана қоймай, ары қарай тағы да жетілдіру мен қолданушылардың ойлағанынан да жоғары нәтиже көрсетуге деген ұмтылысымызды оятты».
Samsung Electronics компаниясы туралы айта кетейік...
Samsung Electronics Co., Ltd. – бүкіл әлемдегі адамдарды шабыттандырып, тұтынушылар нарығын қалыптастырып, инновациялық идеялар мен инновациялық технологияны жүзеге асырып келетін компания. Теледидарлар, смартфондар, планшеттер, камералар, тұрмыстық тауарлар, принтерлер мен медициналық құрылғылар жайлы қалыптасып қалған пікірлерді өзгертуге жұмыс жасайды. Компания Интернет тауарлардың инновациялық индустриясында да жетекші орын алады. Оның SmartThings аталатын ашық платформалары бар. Аталмыш платформалардың барлығында смарт құрылғылар бар. Компанияның 84 елде 319 мың қызметкері бар.
«The Qazaq Times»


















Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Дүйсенбі күнгі Ресейдегі екі бірдей жарлыс. Электронды соғыста кім ұтады