2019 жылы өтетін халық санағына 8,8 миллиард теңге бөлінетін болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады.
Министр мырзаның сөзінше, 2019 жылдың қараша айында өтетін халық санағына ел бюджетінен 8,8 миллиард теңге қаржы бөлу қарастырылған. Бұл жолғы ұлттық халық санағының ерекшелігі санақ толықтай компьютерлік жүйе бойынша жүргізіледі және кез келген адам арнайы интернет порталға кіріп, өзінің жеке мәліметтерін көрсету арқылы санақ жүйесіне тіркеле алады.

Статистика агенттігінің экс-басшысы Анар Мешімбаева. Фото. tengrinews.kz
Естеріңізге салайық, 2009 жыл болған халық санағына ел бюджетінен 1 млрд 144 млн теңге бөлінген. Кейіннен сол кезде статистика агенттігінің төрайымы болған Анар Мешімбаеваға халық санағына бөлінген 700 миллион теңге қаржыны жымқырды деген айып тағылып, 2014 жылдың 14 ақпанында Астана қаласының Есіл аудандық соты экс-төрайымды 7 жылға бас бостандығынан айырған.
Жалпы, сол кезде бөлінген қаржы мен жымқырылған қаржыны есептейтін болсақ, 2009 жылғы халық санағына Мешімбаева ханым жымқырған 700 миллион теңгені алып тастағанда 444 миллион теңге жұмсалған. Арада 10 жыл өткен соң Ұлттық экономика министрлігі Тәуелсіздік алған 27 жылда не бәрі 18 миллионнан сәл ғана асқан халықты санақтан өткізуге 8,8 миллиард теңге қаржы бөлмек. Сұрақ: Соңғы он жылда халық санағын өткізу осыншалықты деңгейде қымбаттаған ба, жоқ әлде Ұлттық экономика министрлігі 18 миллион халыққа санақ жүйесіне тіркелу үшін бас-басына бір-бір компьютер сатып алып бермек пе?


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?