Қазақстанда азық-түлік тауарлары 2,8 пайызға қымбаттады.

Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтар-ақпан айларында инфляция 2,2 пайыз болған. Осыған байлансты соңғы төрт айда азық-түлік бағасы 2,8 пайызға, ақылы төлем құны 1,9 пайызға, азық-түліктік емес тауарлар бағасы 1,7 пайызға қымбаттаған.

Атап айтқанда, сүт – 4,6%-ға, картоп – 7,2%-ға, жұмыртқа – 1,1%-ға, шұжық – 2,3%-ға қымбаттаған. Бұдан бөлек дәрі-дәрімек бағасы 2,9 пайызға,  автокөлік құны 2,8 пайызға, бензин бағасы 1 пайызға, тас көмір  құны 0,7 пайызға өскен.

“The Qazaq Times”