Қазақстандағы инфляция: Не қымбаттады, не арзандады?
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар және шілде айлары аралығында инфляция өсімі 2,7 пайызды құраған. Салдарынан азық-түлік бағасы 2,5%, құрылыс материалдарының құны 4,2%, автокөлік бағасы 4,1%, суық су бағасы4,4%, канализация бағасы 3,2 % қымбаттаған.
Күнделікті тұрмысқа қажет азық-түлік өнімдері ішінде сәбіз 34,5%, қант 12,1%, сүт өнімдері 4,4%, қой еті 4%, жылқы еті 3,9%, сиыр еті 3,7%, шошқа еті 3,6 пайызға қымбаттаған.