Франция сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан: «Сүриядағы соғыста Башар Асад жеңіске жетті» – деп мәлімдеді.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Франция СІМ Сүриядағы соғыс жағдайына қатысты: «Сүриядағы азамат соғысында Башар Асад жеңіске жетті. Біз бұны мойындауымыз керек. Бірақ ол соғыста жеңіске жеткенімен бейбітшілік орнатуда әлі жеңіске жеткен жоқ. Бейбітшілік орнатуда оған халықаралық қауымдастықтың көмегі қажет» - деп мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон: «Башар Асад билігі бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық қару қолданатын болса, Франция армиясы Сүрияға соққы жасауға дайын» - деген болатын.

Жалпы, қазіргі таңда Сүрия аумағында Идлиб провинциясы ғана заңсыз әскери құрылымдардың басқаруында. Қалған аймақтардың барлығы азат етілген.

"The Qazaq Times"